- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қанат Айтбаев келіннің...
Қанат Айтбаев келіннің үлкенге сәлем салуының 3 факторы туралы айтты
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев келіннің сәлем салуын қолдап, оның маңызы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев келіннің сәлем салуына қатысты ойын білдірді.
"Қазір келіннің "Ата-анаң Алла ма, Құдай ма? Сәлем салмаймын адамға" деп айтып жатқанын естіп қалғанда, тосырқап қаламын. Келіннің үлкенге сәлем салуының 3 факторы бар: келін қайын ағасына сәлем етеді, өзінен үлкен апаларына сәлем етеді, ата-анасына сәлем етеді. Сәлем салған кезде қайын аға өзінің орнын біле қояды. Ол аға екенін біліп, салмақты формасына келеді. Қайын апа да өзінің салмақты формасына келеді. Кіші ізет жасап тұрғанда, "Бақытты бол!" деп батасын береді. Ортада бір сыйластық қалыптасады. Ата мен енеге сәлем салғанда, ол да "Бақытты бол! Өркенің өссін!" дейді. Келіннің ештеңесі кеміп қалмайды, жақсы сөз естіп, жақсылыққа ұмтылатын бір ұрпақ тәрбиесі қалыптасады", – деді ол.
Еске салайық, жақында Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар "1001 түн" бағдарламасына қонақ болып, болашақ келіні туралы айтып берген еді.
"Қандай келініңіз болғанын қалайсыз?" деген сұраққа анасы: "Қазақта адал сүт емген бала болса деп бір ауыз сөзбен айтып кеткен ғой. Сондай адам жолықса дейміз. Болған сәтте, қуанамыз. Келінімізді күтіп жүрміз. Өзінің бір сәті болар деп ойлаймыз. Тағдырдың қай күні сый тартатынын білмейміз. Жақсы жаңалық болса, бөлісеміз", – деп жауап берген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева