"Қан тоқтамай қойды". Ерке Есмахан келіндік қызметін атқарып жүріп оқыс жағдайға тап болған

Көпшілікті қарапайымдылығымен тәнті еткен әнші Ерке Есмахан келіндік қызмет атқарып жүріп оқыс жағдайға тап болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушылары әншінің дастарханындағы бөлке нанды көріп, Еркені сұрақтың астына алған көрінеді.

"Бүгін мен оқырманыма таңғалдым. Осы нан үшін қаншама хат алдым. "Осындай нан жейсіздер ме?", "Осындай қарапайымсыздар ма?" деп жазғандар көп. Біз қалай қарапайым болмаймыз? Қазақстанда тусақ, ауылдан шықсақ, қазақтың қарапайым ұлы мен қызы болсақ, қалай қарапайым болмаймыз? Біз де дәл сіздер сияқтымыз. Бүгін осы нанды күйеуім маған қанша дүкенді аралап жүріп, іздеп тауып әкелді. Бұл –менің ең жақсы көретін наным", – дейді Ерке Есмахан.

Сондай-ақ әнші ас әзірлеп жүріп, қолын жарақаттап алғанын да айтты. 

"Кеше кешкісін тамақ дайындап жатып қолыма пышақтың ұшының жартысы кіріп шықты. Қан тоқтамай қойды. Содан бақырып, жылап-сықтап, әрең ес жидық. Күйеуім менен бетер болды. Бүгін сөйтіп тамаққа тапсырыс беріп жаттық. Енді ас бөлмеге ақырындап жақындап жатырмын", – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның Оралда келіндік қызмет атқарып жүргенін жазған болатынбыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жұлдыздар неге жиі ажырасады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!