Қан қысымын төмендетуге көмектесетін көкөніс аталды

Кардиолог Аннапурна Кини қан қысымын төмендетуге көмектесетін көкөністі күнделікті ас мәзіріне қосуды ұсынды. Бұл туралы Mirror басылымы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, жас ұлғайған сайын қан тамырларының серпімділігі төмендеп, күретамырлардың қабырғасына түйіншектер жинала бастайды. Соның салдарынан қан қысымы көтеріледі. Алайда маман қан қысымын төмендету үшін қызылшаны жиі тұтынуға кеңес береді.

"Қызылша қан тамырларының қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықеттерді босаңсытып, олардың кеңеюіне ықпал етеді. Соның арқасында қан тамырлары серпімділігін сақтайды", – деп түсіндірді дәрігер.

Ағзада нитраттар алдымен нитриттерге, кейін қан тамырларының кеңеюіне ықпал ететін азот тотығына айналады.

Маман қызылшаның жапырағы да пайдалы екенін атап өтті. Оны зәйтүн майы, аздап сарымсақ және бір шымшым тұз қосып жеуге болады. Сондай-ақ, қызылша жапырағын сорпаға, салатқа және пеште пісірілетін тағамдарға қосуға кеңес берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!