Қан қысымын көтеретін тағамдар аталды

Тұзы көп тағамдар қан қысымының көтерілуіне көбірек әсер етеді. Олардың қатарында чипсы, фастфуд, маринадталған және тұздалған өнімдер, тұзды балық, ірімшіктің көп түрі мен ашытылған қырыққабат бар. Бұл туралы кардиолог дәрігері Элла Виноградова RT басылымына айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның түсіндіруінше, ағзаға тұз шамадан тыс түскенде сұйықтық іркіледі. Соның салдарынан қан айналымындағы сұйықтық көлемі көбейіп, қан қысымы жоғарылайды.

Виноградованың айтуынша, тазартылған көмірсуы көп тағамдар да қан қысымын көтеруі мүмкін. Бұған ақ қант пен ақ ұннан жасалған өнімдер жатады. Дәрігер мұндай тағамдардың күнделікті ас мәзіріндегі үлесін 10 пайыздан асырмауға кеңес берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!