Қан қысымы жоғарылағанда қандай өнім көмектеседі? Дәрігер кеңес берді

Дәрігер Амир Хан қан қысымы жоғарылағанда қызылша жеуге немесе оның шырынын ішуге кеңес берді. Бұл өнімнің пайдасы туралы Daily Mirror басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, адамның қалай тамақтанатыны артериялық қысымға тікелей әсер етеді. Мәселен, қан қысымы жоғарылағанда тұзды азайтып, бананды тұрақты түрде тұтыну ұсынылады.

Сонымен қатар, қызылша да қан қысымын төмендетуге көмектеседі.

"Қызылшаның құрамында нитраттар деп аталатын зат бар. Ол ағзада азот тотығына айналып, қан тамырларын кеңейтеді", - дейді маман.

Дәрігердің сөзінше, нақты әсерін көру үшін күн сайын кемінде 250 миллилитр қызылша шырынын ішу керек.

Алайда маман қызылшадан кейін қандағы қант деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан қант диабетіне шалдыққандар бұл өнімді қолданбас бұрын дәрігермен кеңескені жөн.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!