Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген қазақ әйелдері туралы жаңа жоба жасап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Қалың малым - 1000 доллар болды". Бұл маған емес, Данаға берген қалың малдың бағасы ғой. Жалпы қалың малдың құны қалай өлшенуі қажет? Бір қыздың құны қымбат, ал біреуінің арзан болуын кім және қалай анықтайды? Түзде табысты кәсіпкер, танымал блогер болса, үйде салт-дәстүрімізді сақтай біледі. Заманауи әйелдердің бейнесін дәл осылай елестетемін. Таяуда авторлық жобам арқылы бәріне белгілі әйелдерді жаңа қырынан тани аласыздар", - деп жазды.
Дина Төлепбергеннің жаңа жобасының алғашқы қонағы танымал блогер Дана Есеева болған.
Еске салайық, жақында Дина Төлепберген жаңа телеграм канал ашқанын айтып, сүйінші сұраса, Дана Есеева күйеуінің түрмеден кейінгі өмірі туралы сұхбат берген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!