- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қажылықта ұлттық киім...
Қажылықта ұлттық киім киіп жүрген Жазира Байырбекова көпті тәнті етті
Танымал әнші Жазира Байырбекова Умра сапарында қазақтың ұлттық киімін киіп, көпшілікті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазағымның ұлттық құндылықтары жоғалмаса екен деп тіледім. Қасиетті мекенде ұлттық киім киюдегі мақсатым да осы еді", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушыларына оның бұл образы ұнаған.
"МашАлла! Керемееет! Не деген сұлулық, ұлттық киіміңіз де өзіңіз де!", "Алла қабыл етсін! Тамаша! Керемет! Армандап жүрген жандарға нәсіп етсін!", "Ниетіңіз қабыл болсын! Қазақпыз. Қазақша сөйлеп, қазақша киініп жүрейік. Қазақтарда Хиджаб болмаған. Қазақ екенімізді ұмытпайық. Араб елге іліктемейік, қазағым", "Қажылығыңыз қабыл болсын!!! Керемет сұлулықтың символы қазақтың ұлттық киімі", - деп жазды олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова