Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әкесінен айырылған бес балаға үй сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бұл - оның мұқтаж жандарға сыйлаған 82-баспанасы. Ырысбала Икрамбайдың сөзінше, үйде үш жатын бөлме, дәліз, зал бар.
"Әкесінен айырылған 5 балаға жасаған халықтың сыйлығы, Алланың бағы. Себепкер болып сауапты іс атқарған қарапайым халыққа Алланың нұры жаусын! Осы үйде күлген 5 баланың жүзіндегі әрбір күлкісі, игі іс атқарған Ырысты армиямның сауап қалтасын толтырсын. Дүние мен мал-мүлікті тек бұл жалған дүниеде емес мәңгілік өмірімізге, ақыретімізге де жинайықшы. Ырысы мен несібесі молайғыр Ырысты армиям 82 баспанамыз құтты болсын! Бағасын берер өздеріңіз, бәрекелдеңіз шабыт сыйлайды, көш жүре түзеледі кінәміз болса қателігімізді түзеуге тырысамыз…" - деп жазды ол.
Ырысбала бес баланың анасы да, әкесі де жоқ екенін жеткізді.
"Аманат сөзінің ауырлығы түсінген адамға өте қиын. Аманатқа қиянат жасамай иесіне табыстағанша жаныңды шүберекке түйіп жүресің. Қиналған жанның көзіндегі қуанышты көргенде жаның жай тауып, жүректегі тыныштық пен қуаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Баланың ең жақыны әкесі мен анасы. Бұл балалардың жанында екеуі де жоқ. Көздері жәутеңдеп әркімге бір қарайды. Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған… Баспана сыйладық көп болып, пәтерден пәтер туған-туыстың үйіне сабылып көшпейді енді. 5 бауыр бір шаңырақтың астында өмір сүреді. Алла өздеріне жар болсын!" - дейді ол.
Желі қолданушылары бұл игі істі ұйымдастырған блогерге жылы лебіздерін жазған:
Ырысбала сөз жоқ, үй алып беру бағытында номер один болдыңыз! Алла тіл көзден сақтасын!
Балапандар сендер үшін қуаныштымыз, қандай ақылды ұлдар мен қыздар, қалай сауатты , әдемі сөйлейді өздері, Алла енді тек қуанышты күндер нәсіп етсін! Алдарыңнан тек адал адамдар ғана шықсын!
Жыламай көру мүмкін емес. Үйлі болуына атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!!!
Әкемнің тастап кеткен аманаттары деп қояды, жаным сол, ақылынан сенің аман бол, бауырларын аман болсын. Апаларың аман-есен қастарыңа оралсын!
Не деген тәрбиелі балалар. Кейбір ересектерден мәдениетті сөйлейді. Жүрегің елжіреп кетеді-ау әрбір сөзіне. Аллам жар болып, тек бақытты өмір сүре берсін. Ырысбалаға соңынан ерген армиясы мен қалың қазаққа мың алғыс!
Еске салайық, бұған дейін блогер Ырысбала Икрамбай көпбалалы ананың арманын орындағаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Анорексия мен булимия деген не?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!