Жүзімді қалай таңдау керек? Диетолог кеңес берді

Жүзімді қалай таңдау керек? Диетолог кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Алуан түрлі жүзім ішінен сапалысын қалай таңдау керек? Бұл туралы гастроэнтеролог-диетолог Наталья Матвеевская айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Жүзім неге пайдалы?

Жүзім – дәмді әрі сергітетін жеміс қана емес, сонымен қатар, дәрумендерге, минералдарға, антиоксиданттарға бай құнды өнім. Қабықшасындағы ресвератрол – күшті антиоксидант. Әсіресе қара жүзім сортында көп. Ол жүрек-қантамыр ауруларының қаупін азайтып, қартаю процесін баяулатады, қабынуға қарсы әсер етеді.

Жүзім таңдаудың 5 ережесі:

  • Жүзімді піскен маусымында алыңыз (әдетте жаздың соңы, күзде алған дұрыс).
  • Сыртқы түрі – жидектер серпімді, бүтін, дақсыз әрі көгермеген болуға тиіс. 
  • Түсі – белгілі бір сортқа тән қанық, біркелкі болуы керек.
  • Тығыз, жасылдау сабақпен, үстінде түсіп қалған жидектер болмауы керек.
  • Дәмі – тәтті, шырынды, жағымды иісті. Мүмкіндік болса, сатып алар алдында дәмін көрген дұрыс.

Кімдерге абай болу керек?

Қант диабеті бар адамдарға – құрамындағы қант көп болғандықтан, мөлшерін шектеу қажет. Асқазан-ішек аурулары барларға (гастрит, жара, колит) – органикалық қышқылдар асқазанға тітіркендіргіш әсер етуі мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget