Жүз миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Қандай мамандықтарға қауіп төніп тұр?

Дүниежүзілік экономикалық форум Еуропада 2027 жылға қарай 83 миллион жұмыс орны жойылады деп болжап отыр. Мұндай өзгерістерге жасанды интеллектінің (ЖИ) қарқынды дамуы себеп болып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еuronews сайтына сілтеме жасап. 

94 миллион адамға жұмыссыздық қаупі төніп тұр

McKinsey компаниясының "Еуропадағы жұмыспен қамту" зерттеу институтының дерегінше, 2030 жылға қарай 94 миллион еуропалық жұмыссыз қалуы бек мүмкін. 

Қандай салалар жойылуы мүмкін?

Мұнымен қоса аталмыш институт ЖИ дамуы себебінен қандай салалардың ғұмыры қыл үстінде тұрғанын атады:

  • қонақ
  • үй және қоғамдық тамақтану қызметі (94%)
  • өнер (80%)
  • көтерме және бөлшек сауда (68%)
  • құрылыс (58%)
  • көлік және логистика (50%)

Мамандығы ауысатын мамандар

Зерттеушілер 2030 жылға қарай 21 миллион адамға мамандығын өзгерту қажет болуы мүмкін. Себебі бұл адамдардың көпшілігінде жоғары білім жоқ дейді. 

Десе де, Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, жақын жылдары басқа бағыттарда жұмыс орындарының елеулі өсімі күтілуде: шамамен 69 миллион жаңа вакансия пайда болады.

Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Білім және ғылым министрі, қазіргі Парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовтің жасанды интеллектінің мұғалімдерді алмастыруына қатысты сауалға жауап бергенін жазған едік. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!