Халықтың өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшы ел – Жапония. Оның құпиясы неде екені белгісіз. Алайда ғалымдар бұған олардың рационы себеп екенін айтады. Алайда жүз жасау үшін Окинаваға көшудің қажеті жоқ. Ол үшін мына пайдалы әдеттерге мән беріңіз, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Режим сақтау
Ұзақ өмір сүрушілерге ортақ дүние – барлық нәрседе тәртіп сақтау. Бұл олар арасында босаңсымайды деген сөз емес. Олар әр нәрседе шаманы біледі және қолайлы кестені ұстанады. Соның ішінде уақытында жатып оянады, тамақтануды алдын ала жоспарлайды және демалуға уақыт бөледі. Соның салдарынан иммунды жүйе қиналмайды, ми жақсы жұмыс істейді және көңіл күй тұрақты болып қалады.
Көбірек қозғалу
Көбірек жаяу жүретін және физикалық белсенді адамдар ұзақ өмір сүретінін дәлелдейтін зерттеулер көп. Алайда өзіңізді шаршағанша қинаудың қажеті жоқ. Белсенділік сізге жағымды эмоция сыйлауы керек. Бірақ оның әсері білінуі үшін жүйелі түрде жаттығу керек.
Жыл сайын жаңа пайдалы әдет меңгеру
Бұрын салауатты өмір салтын ұстанбасаңыз да, өміріңізді, әдеттеріңізді өзгерту ешқашан кеш емес. Ұзақ өмір сүрушілер жыл сайын өміріне 2-3 пайдалы әдеттен қосып отырады. Бірі – таңертең жүгіріп бастаса, басқалары йогаға жазылады немесе алғыс күнделігін жазып бастайды. Өзіңізге келетін түрін таңдап, әрекетке көшіңіз.
Кофенің орнына шөптер шайын ішу
Кофе қосылған сусындардан толықтай бас тартудың қажеті жоқ, бірақ оларды күнде ішуге болмайды. Кофенің орнына жиі шөп шай ішу пайдалы. Мысалы, түймедақ, итмұрын, жалбыз шайларын ішіңіз. Иван-шай да пайдалы. Бұл сусындар несеп жүйесі мен бүйректер жұмысын жақсартады.
Бұршақтыларды көбірек жеңіз
Бұршақтыларға бұршақ, үрмебұршақ, соя, жасымық жатады. Бұл өнімдер жасұныққа бай және оларда өсімдік ақуызы бар. Олар қандағы холестерин мен қант деңгейін бақылауға көмектеседі. Рационыңызға бұршақтыларды қосу арқылы созылмалы аурулардың, қатерлі ісіктер мен жүрек ауруларының даму қаупін азайтуға болады.
Майонездің орнына зәйтүн майын пайдалану
Салаттарды майонезбен емес, зәйтүн майымен араластырған дұрыс. Оның құрамында холестерин деңгейін қалыпта ұстап тұратын қанықпаған майлар бар. Сондай-ақ ол К және Е дәруменіне бай. Оған қоса көптеген өнімдер ағзаға зәйтүн майымен бірге жақсырақ сіңеді.
Жаңғақтар жеу
Рационыңызға бадам, орманжаңғақ, балқарағай жаңғақтарын қосыңыз. Жаңғақтарда әртүрлі дәрумендер, минералдар және қанықпаған майлар бар. Оларды жеу арқылы калий, темір, магний және йод тапшылығының алдын алуға болады. Сондай-ақ жеткілікті түрде қанықпаған май қышқылдарын, фосфорды аласыз және жүрек пен қан тамырларының саулығын нығайтасыз. Алайда жаңғақтардың калориясы көп, сондықтан оларды күннің бірінші жартысында жеген дұрыс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!