Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазір өмірінде жүйке жұқартатын жағдайлар болып жатыр.
"Қымбатты оқырмандарым!
Әлеуметтік желідегі белсенділігімді сәл қоя тұрамын деп шештім. Біраз уақыт ештеңе салмайтын шығармын. Жеке өмірімде болып жатқан оқиғаларға байланысты.
Жоқты бар деп айтатын адам емеспін. Жүйке жұқартатын оқиғалар бастан өтіп жатыр. Бұған айналамыздағы жағдайдың да әсері бар. Қысқасы, айып етпеңіздерші! Түсініңіз мені.
Мен, Болат Атабаев айтпақшы , "ішкі эмиграцияға" кеттім.
Бәрі орныққанда хабар беремін!", - деп жазған ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көлдегі су температурасының өзгеру кезеңдері қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!