Жуырда “Наурыз“ бағдарламасы басталады: не білу керек?

3 қарашада "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай аралықта өтініш қабылданады?

"Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау 3 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға Отбасы банкінің барлық салымшысы, сондай-ақ, депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинағы бар және кейінгі бес жыл ішінде өзінде де, отбасы мүшелерінде де тұрғын үй болмаған азаматтар қатыса алады.

Өтінішті қалай беруге болады?

Өтініш беру процесі толық онлайн форматта жүзеге асырылады. Қатысушылар Baspana Market платформасындағы жеке кабинеттері арқылы өтініш беріп, нәтижесін сол жерде бақылай алады.

Бағдарлама шарттары қандай?

  • Бағдарлама шарттарына сәйкес таза әрленген жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін бастапқы жарна 10%-дан, ал әрленбеген немесе қайталама тұрғын үй үшін бастапқы жарна 20%-дан басталады.
  • Сыйақы мөлшерлемесі әлеуметтік осал топтар үшін 7%-дан (ЖТСМ 7,1%-дан), басқа қатысушылар үшін 9%-дан (ЖТСМ 9,4%-дан) есептеледі.
  • Несие сомасының ең жоғары мөлшері өңірлер үшін 30 миллион теңге, ал Астана мен Алматы қалалары үшін 36 миллион теңге көлемінде белгіленген.
  • Несие мерзімі 19 жылға дейін созылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!