Жуылмаған ыдысты ертеңге қалдыру әдеті улануға және басқа да ауруларға әкелуі мүмкін. Бұл туралы ұлыбританиялық Daily Mail басылымында жазылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бактериялар ылғал әрі жылы ортада өте жақсы көбейеді", – дейді Невада университетінің қоғамдық денсаулық сақтау маманы, доктор Брайан Лабус.
Ас үй шұңғылшасында түрлі жағымсыз бактериялар жиналуы мүмкін. Олардың ішінде нәжіс ішегі таяқшаларының E. coli (коли) түрі, тағам арқылы жұғатын патогендер және тіпті терідегі бактериялар да бар.
Кардифф метрополитен университетінің зерттеуіне сәйкес, ғалымдар Ұлыбританиядағы үйлердің 46 ас үйін талдаған. Нәтижесінде шұңғылшада басқа аймақтарға қарағанда бактерия көбірек болатыны анықталған.
Daily Mail дерегінше, бұл көбіне шикі тағам дайындаумен, соның ішінде құсты жуумен байланысты. Ең жиі кездесетін патогендер: E. coli, Enterobacter cloacae және Klebsiella pneumoniae.
E. coli өлімге алып келуі мүмкін, өйткені ол қызба, құсу және іш өтуге себеп болады. Сондай-ақ, 50 жасқа дейінгі адамдар арасында тоқ ішек қатерлі ісігінің көбеюімен де байланысты.
Тағамнан улану қаупін азайту үшін мамандар мүмкін болса, ыдыс жуғыш машинаны қолдануға кеңес береді: ондағы жоғары температура зиян микробтарды азайып. Бұдан бөлек, ыдыс жуатын губкаларды да ыдыс жуғыш машинада өңдеу ұсынылады, өйткені жоғары температура губкада жиналатын бактерияларды өлтіреді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz