Күн күрт бұзылуына байланысты "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр, қар жауады.
"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!