Жүргізушілерден көлік дөңгелегін қысқыға ауыстыру сұралды

Жүргізушілерден көлік дөңгелегін қысқыға ауыстыру сұралды
Фото: depositphotos.com

Қыс таяп келеді. Осыған байланысты жүргізушілерден көлік дөңгелегін қысқыға ауыстыру сұралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқы қар жауып, жолдарда көктайғақ байқала бастады. "ҚазАвтоЖол" компаниясы жүргізушілерге бірнеше кеңес берді:

  • Көлігіңіздің дөңгелегін қысқы дөңгелекке ауыстырыңыз;
  • Тежегіш жүйесін, жарық пен аккумуляторды тексеріп шығыңыз;
  • Қысқы отынды пайдаланып, антифриз деңгейін бақылаңыз;
  • Жолда жылдамдықты шектеп, арақашықтықты сақтаңыз;
  • Рөлде асығыс шешім қабылдаудан, кенет бұрылудан аулақ болыңыз.

"Жол қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Ал 1403 бірыңғай байланыс орталығы әрдайым байланыста", - деді компания өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget