Кардиолог Аурелио Рохастың айтуынша, көпшілік зиянсыз деп ойлайтын кейбір өнімдер жүрекке кері әсер етуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Deia басылымына сілтеме жасап.
Маман әсіресе кетчупке назар аударды. Оның сөзінше, кетчупте көп мөлшерде қант пен фруктозасы жоғары жүгері шәрбаты қосылады. Ал мұндай тұздықты шамадан тыс тұтыну қандағы қант пен инсулин деңгейін күрт көтеріп, ағзада созылмалы қабыну үдерісін күшейтеді. Бұл өз кезегінде жүрекке салмақ түсіреді.
Дәрігердің айтуынша, кетчупті жай ғана дәмдеуіш емес, құрамында қант көп өнім ретінде қабылдау керек.
Сонымен қатар, маман барбекю тұздығының құрамы бұдан да ауыр болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан мұндай тұздықтарды мүлде үзілді-кесілді тастамаса да, мүмкіндігінше аз қолданған жөн.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz