Бадам жаңғағы жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығудың алдын алып, салмақ тастауға көмектеседі. Бұл туралы Александр Созыкин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Life.ru-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл жаңғақ холестерин деңгейін төмендетіп, сонымен қатар ішкі ағзаларға қан ағымын ынталандырады.
"Бадам жаңғағын қандағы қант деңгейін төмендететін өнім ретінде пайдалануға болады, өйткені ол магнийдің тамаша көзі. Күніне 10-16 бадам жаңғағын жеуге рұқсат етілген", - деді маман.
Сондай-ақ, Александр Созыкин бадам жаңғағының артық салмақ пен семіздікпен күресуге көмектесетінін айтты. Оның құрамында ақуыз бен талшық көп, ал көмірсулар аз, сондықтан адам жаңғақ жегеннен кейін ұзақ уақыт бойы тоқ жүреді.
Бұдан бөлек, бадам жаңғағы құрамында гемоглобин өндірісіне ықпал ететін темір мен дәрумен көп болғандықтан, ол анемиямен күреседі.
Дегенмен, биолог бадам жаңғағы аллергенді өнім екенін ескертті. Сондықтан аллергиялық реакцияларға бейім адамдар бұл жаңғақты жеген кезде абай болу керек.
Айта кетейік, бұған дейін күнде жаңғақ жесе не болатыны хабарланған болатын.
Жаңғақтар сыртқы келбетті жақсартады және жасартады, ми жұмысын жақсартады, иммунитетті арттырады және күйзелісті түседі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұлы Жібек жолын қай кезеңде түркі мемлекеттері бақылауға алды?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!