Жүрек ауруының белгілері қандай?

Рентгенохирург Ержан Әбілхановтың айтуынша, дене қимылын көп жасамайтын адамдар жүректің ишемиялық ауруларын сезбей жүре беруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ал ауыр зат көтеріп немесе баспалдақпен жүрген кезде ентігу, кеуде тұсының ауырсынуы сияқты белгілер байқалса, дереу дәрігерге көріну керек", - дейді Ержан Әбілханов qazaqstantv-ға берген сұхбатында.

Телеарна мәліметінше, елімізде жылына 40 мың адам жүрек, қан тамыры ауруларынан көз жұмады. Жүрек, қан тамыры аурулары - өлім-жітімнің басты себебі.

Ал әлем бойынша жылына 17 миллионнан аса адам осы дерттен көз жұмады екен. Оның 40 мыңы – қазақстандықтар.

Еске салайық, бұған дейін күйзеліс жүрек ауруына әкеп соғуы мүмкін екені хабарланды. Күйзеліс кезінде ағзаның ең осал тұсы жүрек-қантамыр жүйесіне зақым келеді. Бұл туралы Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының кардиологы Ғалия Уменова айтты. 

Кардиолог күйзеліс кезінде психотерапевтен немесе психологтан уақтылы көмек сұрауға кеңес берді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!