“Жүрегіме күрделі ота жасалды“. Нұрғали Нүсіпжанов денсаулығы туралы айтты

Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өмір сенің сұрауыңды бермейді. Сен өмірдің ұсынғанын аласың… Азды-көпті өмірден көргенім де бар, түйгенім де жоқ емес.  Адам баласы бір терінің ішінде мың арып, мың семіреді. Аурудың азабын арқалаған адам ғана бұл сөздің түп-төркінін, қадір-қасиетін жақсы біледі. Естеліктерімде ежелден жазып келемін. Жақсылықтың екі түрі бар: бірі Алладан, бірі адамнан. Жүрегіме күрделі ота жасаған кардиохирург Нұрәлі Есенкелдіұлы - жас маман, бірақ өз ісінің білгірі. Адам жанын аялай білетін дархан дарыныңа басымды идім, айналайын", - деп жазды өнер иесі.

Қалың көпшілік әншіге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі:

"Аман болыңыз", "Алла шипасын берсін", "Алған еміңіз шипа болып, ұзақ өмір жасаңыз", "Ауырмаңыз".

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов - әнші, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!