Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өмір сенің сұрауыңды бермейді. Сен өмірдің ұсынғанын аласың… Азды-көпті өмірден көргенім де бар, түйгенім де жоқ емес. Адам баласы бір терінің ішінде мың арып, мың семіреді. Аурудың азабын арқалаған адам ғана бұл сөздің түп-төркінін, қадір-қасиетін жақсы біледі. Естеліктерімде ежелден жазып келемін. Жақсылықтың екі түрі бар: бірі Алладан, бірі адамнан. Жүрегіме күрделі ота жасаған кардиохирург Нұрәлі Есенкелдіұлы - жас маман, бірақ өз ісінің білгірі. Адам жанын аялай білетін дархан дарыныңа басымды идім, айналайын", - деп жазды өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қалың көпшілік әншіге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі:
"Аман болыңыз", "Алла шипасын берсін", "Алған еміңіз шипа болып, ұзақ өмір жасаңыз", "Ауырмаңыз".
Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов - әнші, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова