Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі Әбдімүтәлі Әбдіхалықов қайтыс болды. Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Менің жүрегімді уайымдап жүргенде өзінің жүрегі тоқтады. Қайран әкем, өте жақсы адам болып өттің өмірден", - деп жазды ол.
Актердің бірінші әйелі, әнші, актриса Айгүл Иманбаева да өзінің парақшасында экс-қайынатасының қазасына көңіл айтты.
"Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі өмірден өтті. Жақсы кісі еді, иманды болыңыз, папа. Мына видео біздің соңғы кездесуіміз екен", - деп жазды әнші.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!