"Жүрегімді уайымдап жүр еді". Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті

"Жүрегімді уайымдап жүр еді". Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті
Фото: Фотоскрин

Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі Әбдімүтәлі Әбдіхалықов қайтыс болды. Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәбит Әбдіxалықов (@sabit_abdykalykov)

"Менің жүрегімді уайымдап жүргенде өзінің жүрегі тоқтады. Қайран әкем, өте жақсы адам болып өттің өмірден", - деп жазды ол.

Актердің бірінші әйелі, әнші, актриса Айгүл Иманбаева да өзінің парақшасында экс-қайынатасының қазасына көңіл айтты.

 "Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі өмірден өтті. Жақсы кісі еді, иманды болыңыз, папа. Мына видео біздің соңғы кездесуіміз екен", - деп жазды әнші. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы