Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым өзінің инстаграм-парақшасында бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен құшақтасып түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл суретті көрген желі қолданушылары жұлдызды жұпты жарыса құттықтап жатыр.
"Әр әйел сүйікті жарымен болуға лайықты", "Осы күнді қатты күтті. Жүрегім жарылардай қуандым ғой", "Бүгінгі таңым осы екеуінің қосылуымен басталды, осылардың қосылғанын тілеп жүргеніме қанша уақыт болды", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Еске салайық, 2021 жылы әнші Жарқынай Ханайым күйеуі актер Айдар Асқарбекпен ажырасқан болатын.
Әншінің сөзінше, арақатынастың ажырауына қызғаныш себеп болған.
"Ол актер ретінде карьерасын енді бастап жатты. Мен қыз бала болған соң сол ғой, семья үшін карьерадан, бәрінен баз кеше саласың. Айдар риза болуы үшін ән айтпаймын да (деп жүрдім - еск.), ешнәрсе қызық та болған жоқ. Тағы тусам ғой деген ниетте жүрдім. Айдар енді бастап жатты. Ол жиі түсірілімдерге барып, қарқынды актер ретінде дамуға тырысты. Маған оны басқа партнерлермен көру ауыр болды. Меншікті менің адамым болса екен дедім. Оның үстіне күйзеліс, босанғаннан кейінгі күйзеліс, Айдар басқа ортада жүр. Сонымен нүктесі қызғаныш болды. Телехикаядағы қызғаныш болды. Тым болмағанда әйелі ретінде емес, Айлананың анасы ретінде бір ауыз ескерту керек пе еді деп ойлаймын. Қанша ашулансақ та, ұрысып жүрсек те қоғам үшін ерлі-зайыптымыз, ортада бала бар. Мен қатты қызғанбайтын ба едім, қызғаныш та емес, ол ренішке көбірек келеді. "Осындай сахна болайын деп жатыр. Жарқынай, ренжіме" (деп айтуы керек еді - еск.). Сүйісетін сахна. Ол жыр болған оқиға. ...Мен ол нәрсеге шыдағым келген жоқ", - деді әнші "Мамский әңгімеде".
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз