Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздар бойынша мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 285,2 мың адамға жеткен. Бұл ретте биыл 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемнің жалпы сомасы 95 млрд теңге болды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем ала алады. Ол бұған дейінгі кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.
Бұл қызметті онлайн режимде электрон еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!