Жамбыл облысының тұрғыны мектепте тұз шашқаны үшін айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іс материалына сүйенсек, У. орта мектептің дәлізіне және директордың кабинетінің алдына тұз шашқан. У. мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келгенін, бірақ жұмысқа ораналаса алмағанын айтып, тұзбен "ырым жасау" көмектеседі деп ойлағанын жеткізген.
Сот отырысында У. жасаған ісіне өкініп, өз кінәсін толық мойындаған.
Сот қаулысымен У. ӘҚБтК 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!