Кез келген жұмыс іздеп жүрген адам әңгімелесу кезеңінен өтеді. Кей сұрақтардың мүлде жұмысқа қатысы болмаса да, жұмыс беруші үшін айтарлықтай маңызы болуы мүмкін. Сондықтан кеңінен тараған кейбір сұрақтарға қалай жауап беру керегін бүгінгі мақалада көрсететін боламыз. Мәтін жұмыс беруші (ЖБ) мен үміткер (Ү) арасындағы диалог ретінде ұсынылады.
ЖБ: Сіздің кемшіліктеріңіз бар ма, болса қандай?
Әрине, мінсіз адам жоғын бәріміз жақсы білеміз. Бұл сұрақты қою арқылы жұмыс беруші сіздің қаншалықты ашық адам екеніңізді білуге тырысады. Барлық кемшіліктеріңіз туралы ашып айтуға болмайды, өйткені салдары жақсы болмауы мүмкін. Ең дұрыс жауабы мынадай:
Ү: Әрине, кемшілік барлық адамда болады. Менде де бар. Бірақ, олар менің жұмысыма мүлде кедергі келтірмейді.
ЖБ: Өзіңіз туралы толығырақ айтыңыз.
Жұмыс берушіге сіз туралы ақпараттан керегі — сіздің кәсіби дағдыларыңыз. Өзіңіздің оқуыңыз, хоббиіңіз және жұмысқа қатысты айналысқан жобаларыңызды айтыңыз. Не айтарыңызды білмесеңіз жұмыс берушіден нені қалайтынын сұрауды ұмытпаңыз.
Ү: Сізге өзімнің қызығушылықтарымды айтайын ба әлде жұмысқа қатысты нәрсені айтқанымды дұрыс көресіз бе?
ЖБ: Бұрынғы жұмысыңыздан кетуге не себеп болды?
Бұл сұрақты кез келген жұмыс беруші қояды. Бұрынғы бастығыңызбен болған кикілжіңді айтудың қажеті жоқ. Жұмысқа қатынау қиын болғанын, не жұмыс уақыты сіздің жеке тәртібіңізге кедергі келтіргенін айтсаңыз болады.
ЖБ: Сіздің қалауыңызда жалақы мөлшері қандай?
Бұрынғы орныңыздағы жалақыға +30% қосып, шыққан санды атап көрсетіңіз. Ең кем дегенде (сұраған жағдайда) деп өткен жұмысыңыздағы жалақы мөлшеріне небәрі +10% қосып айта аласыз.
ЖБ: Қанша уақыт жұмыс істеуге дайынсыз?
Сіз "өмір бойы" деп жауап бере аласыз, дегенмен жұмысқа әлі орналаспадыңыз, оның ретін де түсініп үлгермедіңіз. Сол себепті бұл жауап сенімсіз болатыны анық. Бастапқыда ай жұмыс істеп, қызметіңізбен әрі әріптестеріммен танысамын деп айтқаныңыз жөн. Әдетте жұмыстан кетуге оның атмосферасы әсер етеді.
ЖБ: Мақтанышпен айтатын жетістігіңіз бар ма?
Бұл жерде жұмысқа қатысты жетістігіңіз болмаса оны ашып айтқаныңыз жөн. Оның орнына, диплом тақырыбыңыздың қызықты болғанын және оны өте жақсы бағаға қорғап шыққаныңызды сөз етіңіз. Кейде достарыңыздың сізді қалай бағалайтынын айтып мақтансаңыз да болады.
ЖБ: Қосымша жұмысқа қалай қарайсыз?
Бұл сұрақты назардан шығарып алмаңыз. Оның қанша сағатқа созылатынын, қосымша ақы төленетіні және демалыс күндері жұмыс істеуге тура келе ме деген сұрақтар арқылы толығырақ ақпарат алыңыз. Сіздің жеке өміріңізге айтарлықтай әсер етпесе ғана сенімді түрде дайын екеніңізді жеткізіңіз.
ЖБ: Біздің компанияны таңдауға не себеп болды?
Бұл сұрақ арқылы жұмыс беруші сізді неге жұмысқа қабылдауға болады деген сұраққа жауап алады. Сіз жалақысы мен бонустар туралы естіген болсаңыз да, оны соңына қалдырыңыз. Алдымен кеңсе сіздің үйіңізге жақын екенін немесе бұл компанияда кәсіби даму мүмкіндігі жоғары екенін айтқаныңыз жөн.