- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жұлдызнама: ақпанда кімдердің...
Жұлдызнама: ақпанда кімдердің ақшасы көбейеді?
Астрологтар ақпанда ақшасы көбейетін жұлдызнама белгілерін атады. Олар кірісін айтарлықтай арттыруы және өмір сүруіне қолайлы шарт жасауы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Unian"-ға сілтеме жасап.
Тоқты
Сарапшылар Тоқтыларға кіріс әкелуі мүмкін қосымша жобалар жайлы ойлануға кеңес береді. Сондай-ақ инвестиция жасау жайлы ойланып көріңіз. Барлық салған ақшаңыз еселеп қайтуы мүмкін. Алайда жаңа серіктестермен абай болыңыз, алдап кеткісі келетіндер шығуы мүмкін. Қандай да бір келісім-шарт жасаспас бұрын заңгер кеңесін алыңыз.
Бикеш
Бикештер ақпанда барлық қарызын беріп, кірісін арттыруы мүмкін. Бар зейініңіз жұмыста болады, бұл сізге жақсы нәтиже әкеледі. Айдың соңында басшылық сыйлықақы беруі мүмкін.
Сарышаян
Сарышаяндар бағалы сыйлық немесе мұрагерлік алуы мүмкін. Астрологтартың айтуынша, бұл өміріңзді ретке келтіруге қолайлы уақыт. Алайда ақшаның бәрін бірден құртудың қажеті жоқ. Ақшаның бір бөлігін қомақты нәрсе сатып алуға алып қойыңыз.
А. Жапатова