“Жұлдыз той“. Этнограф үш қызына сүндет той жасаған адамның әрекетіне пікір білдірді

“Жұлдыз той“. Этнограф үш қызына сүндет той жасаған адамның әрекетіне пікір білдірді
Фото: видеодан кадр

Этнограф Болат Бопайұлы әлеуметтік желіде үш қызының құрметіне сүндет той жасаған отбасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода үш қыз тойхананың ортасына шығып, халықтан сыйлық жинайды. Тіпті "сүндет той" деген жазуы бар дорбаны да ұмытпапты. Желі қолданушылары қыз балаларға сүндет той жасағанына таңғалып, бұл әрекетті "еріккеннің ермегі", "ойына келгенін істеп жатыр" деп бағалаған. 

Ал этнограф Болат Бопайұлы мұны қазақ халқы "жұлдыз той" деп атайтынын айтты. 

"Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрі бойынша кішкентай қыз 3 жас, 5 жас, 7 жас, 9 жасқа келгенде, оның құлағын тесіп, алтын сырға салады. Бірақ сары бас қой немесе көк қасқа тай шалып, ағайындарын шақырып, "Сырға тағу" тойын жасайды. Бұл тойды "Сырға той", "Сырға тағу тойы" деп атайды. Қазіргі "Жұлдыз той" деп аталып жүрген салт сол - "Сырға тағу тойы" ғой", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KYN.KZ ақпарат агенттігі (@kyn.kz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева