Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі ақындар арасында байқау ұйымдастырды

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі авторлар арасында үздік өлең байқауын жариялап, жеңімпаздарды анықтап үлгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Lexus көлігін мінген видеосына арнап өлең жазғандардың арасынан жеңімпаз іздейтінін хабарлады. 

Бір күннің ішінде әлеуметтік желідегі оқырмандары түрлі өлең жазыпты. 

Актрисаның таңдауы төмендегі өлеңге түскен:

"Lexus мініп, Ақтауда жүр емес пе?

Аспандағы жұлдызбен бір емес пе? 

Көліктің бес жұлдызы Lexus болса,

Қазағымның Ақ Жұлдызы сіз емес пе?

Екі жұлдыз, бірге жүрген кезде, 

Бір-біріне жарасып тұр емес пе? 

Көрікті Ақтаудай қаламыздың

Одан сайын көркін ашып тұр емес пе?".

Еске салайық, жақында әнші Қайрат Нұртас пен оның әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "екеуі ажырасып кетті" деген өсекке нүкте қойып, Ақтауда бірге қыдырып жүрген суреттерін жариялаған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!