- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа...
Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жыл мерекесіне көзқарасы қандай екенін айтты
Актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова инстаграм парақшасында Жаңа жыл мерекесіне деген көзқарасын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса Жаңа жыл ол үшін отбасылық мереке екенін жазды.
"Жаңа жыл біз үшін отбасылық мереке! Бір жылды қорытындылап, келер жылға жоспар құрамыз. Отбасымызбен бірге уақыт өткізуге тырысамыз. Бір-бірімізге сыйлық жасап, жылы тілек айтамыз.
Ал жеке өзім үшін желтоқсан өте сәтті ай.
"Әлем ханымы" атағын әкелген ай,
"Сезін" кітабының тұсауын кескен ай,
"Махаббат мұнарасы" қойылымының премьерасы болған ай,
"Ажырасам" фильмі үлкен экранға шыққан ай. Бұл жылы да мен үшін жаңа жанрдағы “Қара шекпен” әфсанасының премьерасы болған ай.Бұл мерекеге ешқандай діни көзқарасты араластырмай отбасылық деп қабылдаймын", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз: Биыл сәбилі болған қазақстандық жұлдыздар
А. Жапатова