Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова он жыл бойы жарыққа шықпай жүруінің себебін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен 10 жыл ай қарап жүрген жоқпын. Ол менің өмірімдегі АНА болу, балаларымның алғашқы тәй-тәй басуы, алғаш шүлдірлеп сөйлеуі деген маңызды кезең болды. Төрт баламды да ешқандай көмекші, күтушіге қимадым. Барлық сәттеріне өзім куә болғым келді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Актрисаның мұндай мәлімдеме жасауына әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағы себеп болған. "Он жыл бойы қалай шымылдықтың артында өмір сүрдіңіз?" деп сұраған одан оқырманы.
Еске салайық, жақында Қайрат Нұртас пен оның әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "екеуі ажырасып кетті" деген сыбысты жоққа шығарып, бірге демалып жүрген суреттерін жариялаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!