“Жүкті болып тұрмысқа шықты“: Жігер Ауыпбаевтың әйелі өзі туралы қауесетке жауап берді

Әнші Жігер Ауыпбаевтың әйелі Мумина Адахамова әлеуметтік желіде өзі туралы тараған қауесеттерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол "жүкті болып тұрмысқа шықты" деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтып, өзіне тағылған айыптарға пікір білдірді.

"Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза! "Жүкті болып тұрмысқа шыққан" дейтін, өз ақыретіне бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қардай күнәға толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Ал бізге шынайы бақыт тілеп жатқан жандарға алғысым шексіз", – деп жазды Мумина.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев әйелі Мумина Адахамовадан 15 жас үлкен.

"Ол 2003 жылғы қыз, қазір 23 жаста. Бойы кішкентай деп жатыр. Менің жаныма кімді қойса да, кішкентай ғой негізі. Менің бойым 1,95, жаныма кімді қойса да кішкентай болып қалады. Ол қыздың бойы 1,65. Өзімнен бойы ұзын адамды 1-2-ақ рет көрген шығармын. Бойына қарайтын болсам, өмір бақи бойдақ болып өтеді екенмін. Ойына, тәрбиесіне қарап сөйлесіп жүрміз. "Кішкентай қыз" деген әнді сол қызға арнап шығардым. Сәндібек Ботабаев деген композитор, ақын ініміз Ақтауға гастрольге барған кезде шығарып берді", - деген еді сұхбаттарының бірінде Жігер Ауыпбаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!