Жүкті әйел өз өтінішімен ұшақтағы жолаушылардың ашуын туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "New York Post"-қа сілтеме жасап.
TikTok-та блогер болашақ ана мен стюардесса арасындағы шиеленіскен жағдай түсірілген роликпен бөлісті. Жүкті әйел стюардессадан оны ұшақтың алдыңғы бөлігіне отырғызуды сұраған.
@kinyawn Pregnant woman demands first class seat she didn't pay for PART 1 #fyp
♬ original sound - Kenyon Wellington
"Егер мен қай жақтан келе жатырғанымды түсінсеңіздер, маған осы жерге отыруға мүмкіндік берер едіңіз. Маған өте ыңғайсыз, мен орындыққа сыймаймын, сондықтан осы жерге отырғым келеді", - дейді жүкті әйел бірінші кластағы бос орынды көрсетіп.
Стюардесса бірінші кластағы адамдар бұл қатар үшін бес есе көп ақша төлегенін айтты.
"Мен біреудің орнын маған беруді сұарамаймын, мен бос орынға отырғым келеді, себебі маған ыңғайсыз, менде үлкен қауіп бар, маған тіпті ұшуға да болмайтын шығар", - деп қарсылық білдірді жүкті әйел.
Стюардесса егер әйелге бос орынға отыруға рұқсат берсе, жұмысынан айырылатынын айтты. Мүмкін болса, рұқсат беретінін айтады.
"Мен де сіз секілді әйелмін, мен де сіз сияқты жағдайда болдым", - дейді стюардесса авиакомпания саясатын қатаң сақтап.
Алайда басқа жолаушылар әйел бастаған бұл ұрыстан шаршайды. Бірінші класта отырған бір әйел оған орнын береді.
@kinyawn Pregnant woman demands first class seat she didn't pay for PART 2 #fyp
♬ original sound - Kenyon Wellington
Бұл жағдайды көрген Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі билет сатып алу кезінде жағдайын ескермеген жүкті әйелді кінәласа, тағы бірі стюардессаның әрекетін ұнатпады.
Ал сіз қалай ойлайсыз?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз