- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жұбайымен жол апатына...
Жұбайымен жол апатына түскен: Моңғолияда тұратын әйгілі қазақ дәрігер көз жұмды
Кеше Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, Медицина ғылымдарының докторы, профессор Нота Ануарұлы жұбайы Бану Еншібайқызымен бірге жол апатынан қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы дәрігердің туыс-туғандары әлеуметтік желіде жазды.
Нота Ануарұлы - Моңғолияның Еңбек ері атағын алған санаулы қазақтың бірі. Ол - Моңғолияның Мемлекет қайраткері, Халық дәрігері, Моңғолияның Еңбек сіңірген адам дәрігері, Дүниежүзілік Нейрохирургия федерациясының мүшесі, Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Кеңесші нейрохирург, "АЧ" Медицина университеті Хирургия кафедрасының меңгерушісі, "АЧ" Клиникалық Ауруханасының кеңесші дәрігері.
Нота Ануарұлы 1945 жылы 24 қазанда дүниеге келген. 2021 жылы Моңғолия президентінің жарлығымен Моңғолияның Еңбек ері атағын алған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек