Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеуі керек?

Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеуі керек?
Фото: ҚТЖ

Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеуі керек екені айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушы пойызға кешігіп қалған жағдайда қалай әрекет етуі керек екенін түсіндірді:

  • Алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау қажет.
  • Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнын жартылай қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл рәсімді пойыз билетте көрсетілген станциядан жөнелтілген сәттен бастап бір сағат ішінде орындау керек.
  • Ақшаны қайтару үшін жеке куәлік пен билетті ұсыну қажет.
  • Кассир тиісті құжаттарды рәсімдеп, егер орын болса, келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады.
  • Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.

Еске салайық, бұған дейін жазда Қазақстанда қосымша пойыздар қосылатыны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget