Ақуыз – адам ағзасы үшін маңызды органикалық зат. Адам ағзасының 15-20%-і ақуыздан тұрады. Ол жетіспегенде бұлшықет жұмысы нашарлап, терінің қайта қалпына келу қабілеті төмендейді. Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында ақуызға бай өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, ақуыз - жер бетіндегі тіршіліктің негізі, ағзаның тірек жүйесі. Ол денені қажетті аминқышқылдармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ақуыз миға да пайдалы: ол зейін қоюды арттырады және сергек жүруге көмектеседі.
Нутрициолог Лаура Сейітбектің айтуынша, мына өнімдер ақуызға бай: