- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Жілік сорпасы". Нутрициолог...
"Жілік сорпасы". Нутрициолог ақуызға бай 6 өнімді атады
Фото:
pixabay.com
Ақуыз – адам ағзасы үшін маңызды органикалық зат. Адам ағзасының 15-20%-і ақуыздан тұрады. Ол жетіспегенде бұлшықет жұмысы нашарлап, терінің қайта қалпына келу қабілеті төмендейді. Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында ақуызға бай өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, ақуыз - жер бетіндегі тіршіліктің негізі, ағзаның тірек жүйесі. Ол денені қажетті аминқышқылдармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ақуыз миға да пайдалы: ол зейін қоюды арттырады және сергек жүруге көмектеседі.
Нутрициолог Лаура Сейітбектің айтуынша, мына өнімдер ақуызға бай:
- Жілік сорпасы;
- Тауық еті;
- Балық;
- Жұмыртқа;
- Уылдырық;
- Маш.
Оқи отырыңыз: Ағзаға ақуыз жетіспейтінін білдіретін 8 белгі
А. Жапатова