Жиі түшкіру, мұрын қышуы: осы белгілер байқалса, не істеу керек?

Жиі түшкіру, мұрын қышуы: осы белгілер байқалса, не істеу керек?
Фото: Midjourney

Аллергиялық ринит - аллергиядан туындаған мұрын шырышты қабығының инфекциялық емес қабынуы. Яғни иммун жүйесі тозаңмен, үйдегі шаңмен белсенді күресе бастайды, нәтижесінде ісіну, мұрыннан су ағу, түшкіру және қышу секілді белгілер пайда болады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл - мұрында "өмір сүретін" аллергия, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аллергия ма, суық тиген бе?

Аллергиялық ринитке өсімдік тозаңы, үй шаңы, жануарлардың түгі, зең мен саңырауқұлақтар, парфюмерия, тұрмыстық химия әсер етеді. Бұл қатарда тұқымқуалау да бар.

"Мұрыннан су аға берсе, бірақ температура болмаса, тамақ ауырмаса, бұл аллергия болуы мүмкін. Суық тигенде адам салыстырмалы түрде аз түшкіреді. Егер мұрын, көз, тіпті құлақ қышыса, бұл - аллергияның әдеттегі белгісі. Егер көктем сайын немесе күзде мұрыннан су аға бастаcа, бұл - аллергия. Суық тигенде әдетте 5-7 күнде кетеді, аллергия бірнеше айға созылуы мүмкін", - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республикалық аллергология орталығының басшысы, аллерголог-иммунолог дәрігер Арай Батырбаева.

Емделмей жүріп қалудың арты...

Емделмеген аллергиялық ринит созылмалы синуситке әкеп соғуы мүмкін, мұның салдарынан ұйқы бұзылып, шаршау, демікпе пайда болады. Бұл, әсіресе, балалар үшін қауіпті: нашар ұйқы, түнде тыныс алу проблемалары, ашуланшақтық, мектептегі үлгерім төмендеуі.

Неге аллергияңыз барын қалай білуге болады?

Бірінші қадам: аллерголог немесе оториноларингологқа бару керек. Әрі қарай дәрігер арнайы IgE антиденелеріне тері сынамалары мен қан талдауын тағайындай алады.

Аллергиядан біржола құтылуға бола ма?

Маманның пікірінше, оны бақылауда ұстауға болады, ал кейбір жағдайларда аллергенге сезімталдықты нөлге дейін төмендетуге болады:

  • Мүмкіндігінше аллергендерден аулақ болыңыз,
  • Тозаң маусымы кезінде терезелерді жабық ұстаңыз,
  • Кірді балконға емес, үйде жайыңыз,
  • Ауа тазартқыш пен шаңсорғыш қолданыңыз,
  • Жануарларға реакция болса, олармен байланысты шектеңіз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget