- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Жігітпен жүру деген...
"Жігітпен жүру деген болған емес". Гүлнұр Оразымбетова неліктен ерте тұрмысқа шыққанын айтты
Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова неліктен ерте тұрмысқа шыққанын әңгімеледі. Бұл туралы өнер иесі "Мамский әңгімеде" айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші 20 жасында тұрмысқа шыққан.
"Оны ойлайтындай мүмкіндік болған жоқ. Солай болды. Болуы керек болды. Шынымды айтсам, жігітпен жүру, қыз бен жігіт болып қол ұстасып жүру деген өмірімде болған емес. Өзі тауып алды. Оңай болған жоқ. Қанша дегенмен, қызметі бар. Мен әлі баламын. Бірақ бала болсам да, демек, мен сөйлесе алғаным ғой. Әжемнің қызы болдым, үлкен кісілердің тәрбиесін көрдім", - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде әншінің даулы видеосы тараған еді. Кейінірек Гүлнұр Оразымбетова видеоға қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова