Танымал актер Қажет Смағұл әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер мешіт алдында түскен суреттерін, неке куәлігін көрсеткен.
"Көп адам сезіп жүрген шығар… Өзімнен 25 жас кіші…. Жүрегім тыныш, көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары арасында бұл жаңалыққа таңырқай қарап, өнер иесін сынағандар да, оларға бақыт тілегендер де, бұл кино түсірілімі болуы мүмкін екенін айтқандар да табылған.
"Кім не десе де бақытты болсын", "Қызыңдай ғой", "Кино шығар", "Шамалы жастарыңа сай келетінін алсаңдаршы!" - деп жазды олар.
Кейінірек актер тағы бір видео жариялаған, алайда бұл жайттың рас-өтірігін ашық айтпаған.
"25 жас деп бір жазба салып едім, Қазақстан екіге бөлініп, жерден алып, жерге салып жатқандар бар. "Жарайсың, қолынан келсе алып көрсін" деп құттықтап жатқандар да бар. Әйелімнің суретін салайын ба деп ойлағанмын, бірақ мынадай негативке ұрынып, көңілі түсіп қала ма деген ой бар", - деді актер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!