Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

ҚР ТЖМ «ННЦСН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1.
MPV магнитудасы 6.7.
Эпицентрдің координаттары 41.22° С. Е. 78.65° ш. б.
Тереңдігі 65 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, Полиция басқармасына, Казселезащитаға, Прокуратураға және өзге де ұйымдарды хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салады:
- ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
- егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
- ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
- үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
- лифттерді пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жақпаңыз:
- сымдарды ұстамаңыз;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!