Желіде қызына сөз салуды ұмытып кеткен жігіт көпті күлкіге қарқ қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Бекарыс Қошқарбайдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
"Жігіт қобалжығаннан бәрін ұмытып қалды-ау. Жастар бақытты болсын", - деп жазды ол.
Кадрлардан жігітке достарының "гүлді бер", "енді сөз сал" деп айғайлап жатқанын естуге болады.
Желі қолданушылары жігіттің маңызды сәтте қобалжығанына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Қыз ақылды екен. Жігіт тізелеп жүзік салмақшы еді. Тұрғызып жіберді. Бақыттары баянды болсын! Ұл-қыздары көп болсын", "Осындай қиялдарга жыным келеді, миы ағып не болды? 5 бала туған қатын ұқсап", "Толқыған ғой. Достары жарайсыңдар! Көпшілік алдында сезімін білдіру оңай емес. Қыз жарайсыңдар!", "Жанға қарай кет, жанға қарай кет….деген видео сияқты болыпты ғой. Бақытты болсын", "Ән қойып жіберсе, әдемі видео болып шыға келеді, әдемі естелік. Өзімізде де талай видеомызды музыка құтқарып тұр", "Алла бақыттарын баянды еткей. Осындай видеоларды көргенде қуанамын", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бір жылда неше сағат, неше минут, неше секунд бар?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!