Әлеуметтік желіде ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың денсаулығы сыр бергені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Instagram желісінде Мұхтар Шаханов қорының төрағасы делінетін Нұржігіт Ысқақ есімді азаматтың жазбасы пайда болды.
"Халқымыздың қаһарман ақыны әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай, тер төккен азамат Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де кем! Көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Құрметті халайық! Көкеміз тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!" - деп жазылған жазбада.
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ол - ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері (2022 ж.), Қазақстанның Халық жазушысы (1996 ж.), Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994 ж.).
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!