Желіде Ерболат Құдайберген ұсталғаны туралы видео тарады: әншінің менеджері не дейді?

Әлеуметтік желіде "Алматыда полиция қызметкерлері танымал әнші Ерболат Құдайбергенді ұстап, наркология орталығына жеткізгені" туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрда "Ерболат Құдайбергенге ұқсайды" делінген адам полицияның жанында тұрғаны көрінеді. Редакция осы жағдайға байланысты әншінің менеджерімен байланысқа шықты. 

"Бұл - жалған ақпарат. Концерттерге шығып жүрміз. Бәрі жақсы. Соңғы өнер көрсеткен жеріміз - Астана", - деді ол.

Сонымен қатар, өнер иесінің менеджері жалған ақпарат таратқандарға қатысты шара қолданатындарын мәлімдеді.

Massaget.kz Алматы Полиция департаментіне сауал жолдады. Материал жарияланған уақытта құзырлы органдар ресми пікір білдірмеді.

Ерболат Құдайберген - танымал әнші, YERBolat лақапатымен өнер көрсетеді. Ол "Мен қазақпын", "Жігіттер" секілді әндері арқылы кең танымалдыққа ие болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз