- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жеке куәлікті кепілге...
Жеке куәлікті кепілге қалдыруға бола ма?
Көптеген ұйымда бір затты жалға алу кезінде мекеме иесі пайдаланылатын мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сенімді болу үшін тұтынушыдан жеке куәлікті кепілге қалдыруды сұрайды. Осыған байланысты, олар мұндай іс-әрекетке құқылы ма, деген сұрақ туындайды. Оның заңды не заңсыз екені туралы "Право знать" Telegram-арнасы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Заңына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттар тізімі:
- азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
- босқын куәлігі;
- жеке басты куәландыратын құжат;
- жол жүру құжаты;
- ҚР азаматының жеке куәлігі;
- ҚР азаматының паспорты;
- ҚР дипломатиялық паспорты;
- ҚР қызметтік паспорты;
- ҚР теңізшісінің жеке куәлігі;
- қайтып оралуға арналған куәлік;
- туу туралы куәлік;
- шетелдік паспорт;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат.
ҚР "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңының 23-бабына сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарды кепілге қабылдауға тыйым салынады.
Егер адам сіздің құжаттарыңызды кепілге алған жағдайда - бұл ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 494-бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық болып саналады. Мұндай әрекет ескертуге немесе 5 АЕК (17 250 тг) мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мүлікті қорғаудың басқа да жолы?
Шарт жасасу. Бұл жалдау шарты немесе прокат шарты болуы мүмкін, шартта тараптардың құқығы мен міндеті, сондай-ақ мүлікті бүлдіргені үшін айыппұл нақты жазылады. Мүлікті тиісті жағдайда ұстау бойынша міндеттемені қамтамасыз ету үшін классикалық ақшалай кепілді пайдалануға болады.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілі кепіл деп танылады, оған сәйкес кредитордың (кепіл ұстаушының) борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда кепілге қойылған мүліктің құнынан қанағаттануға құқығы бар. Мысалы, сіз қолдануға ноутбук алдыңыз, несие берушінің сенімін қамтамасыз ету үшін оған белгілі бір сомада қаражатты кепілге қалдырасыз және несие берушіге затты тиісті сапада қайтаруға міндеттелесіз, егер сіз ноутбукты сындырып алсаңыз, несие беруші ақшаны өзіне қалдырады, ал егер сіз оны тиісті сапада қайтарсаңыз, ол сізге ақшаны қайтарады.
"Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз және жеке құжаттарды бейтаныс адамдарға бермеңіз!", - деп кеңес берді Telegram-арна авторы Надежда Гельдт.
Еске салайық, бұған дейін жұмыс беруші жалақыны кешіктірсе қанша мөлшерде өсімпұл төлеуге міндетті екені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Еркек пен баланың айырмашылығы неде?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә