Жазушы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы жеткізілді

Жазушы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы жеткізілді
Фото: facebook.com/saparbek.nagashibekov

АҚШ-та жерленген жазушы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы жеткізілді. Бұл туралы Вашингтонда тұратын қазақстандық Сапарбек Нағашыбеков әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мұхтар атамыздың ұлы Едіге ағамыз Қазақстандағы ата-бабасы жерленген жерден алып келген топырақ пен жусанды атамыздың қабіріне көмді. Бұл шараға қазақтар қатысты. Бірнеше ай бұрын атамыздың АҚШ-тағы қабірінен топырақ алынып, Қазақстандағы ата-бабаларының қасына жеткізілген болатын", - деді ол.

Еске салайық, биыл қаңтарда Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 

Мұхтар Мағауин - жазушы, қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның Халық жазушысы (1996).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget