Жазира Байырбекова: “Шешемді үйге шақырарда Жанболаттан рұқсат сұраймын“

Жазира Байырбекова: “Шешемді үйге шақырарда Жанболаттан рұқсат сұраймын“
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova/

Танымал әнші Жазира Байырбекова күйеуін сыйлайтын әйелдерді қазіргі қоғамда дұрыс қабылдамайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Менен көбі отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ. Мысалы, үйленгенімізге 28 жыл өтсе де өз шешемді үйге шақырған кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын. Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық, шыны керек", - деп жазды Жазира Байырбекова. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева