Күн күрт бұзылуына байланысты ҚазАвтоЖол жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жазғы дөңгелекпен жолға шықпаңыздар! 1403 байланыс орталығына жүргізушілерден көктайғақтан жол шетіне шығып кеткені туралы хабарлама жиі түсіп жатыр. Біздің мамандар шұғыл түрде жәрдемдесіп жатыр. Қылышын сүйретіп қыс келді. Тезірек қысқы дөңгелектерге ауыстырыңыздар", - деп жазылған хабарламада.
Ішкі істер министрлігі де жүргізушілерге ескерту жасады.
"Алда ел аумағында күн бұзылады: қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейеді. Әсіресе, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілерге айтарымыз: жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтаңыздар", - деді полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!