Жазғы демалыста қауіпсіздікті қалай сақтау керек? Министрлік кеңесі

Жаз - демалыс, саяхат үшін және серуендеуге таптырмас кезең. Денсаулық сақтау министрлігі жаз мезгіліне байланысты азаматтарға бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазда қандай сақтық шаралары маңызды?

  • Күннің ең ыстық уақытында (сағат 11:00 мен 16:00) далада ұзақ жүрмеңіз.
  • Ашық түсті, жеңіл киім киіңіз, бас киімді де ұмытпаңыз.
  • Жиі су ішіңіз.
  • Алкоголь мен тәтті, газдалған сусындарды ішпеген абзал.
  • Күннен қорғану қажет.

Жоғары SPF деңгейі бар күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз, әсіресе, жағажайда немесе таулы аймақта болғанда бұл өте маңызды. Күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім киіңіз. Күнге күю тері обырының қаупін арттырады.

  • Суда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.

Тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз. 

  • Тамақтану мен гигиена ережелерін сақтаңыз.

Жазда тамақ тез бұзылады. Жаз мезгілінде тек жаңа дайындалған тағамдарды тұтынып, оларды дұрыс сақтау аса маңызды. Күмәнді жерлерде, көшеде тамақтанудан аулақ болыңыз. Жолда немесе табиғатта жүргенде, тамақ ішер алдында міндетті түрде қолыңызды жуыңыз.

  • Жәндіктерден сақтаныңыз.

Кене мен маса көп болатын жерлерде репелленттер қолданыңыз. Табиғатқа шыққанда жабық киім киіп, серуеннен кейін де денеңізді мұқият қарап шығыңыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!